Шымкентте пәтер ұрылары ұсталды

0
1 924

Шымкентте полиция қызметкерлері жыл басынан бері пәтерге ұрлыққа түскен 10 қылмыскерді ұстаған. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.


Шымкентте пәтер ұрылары ұсталды

Шымкентте полиция қызметкерлері жыл басынан бері пәтерге ұрлыққа түскен 10 қылмыскерді ұстаған. Облыстық ІІД баспасөз қызметі келтірген мәліметте Абай ауданындағы полиция бөліміне тұрғындардың бірі арызданғаны айтылған. Ол белгісіз тұлға үйінен ақшасы мен басқа да бағалы заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Осыдан кейін жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні қолға түсірді. Тергеу барысында сезіктінің қала аумағындағы басқа да пәтер ұрлығына қатысы бары анықталған. Үй тонаумен айналысқан күдікті қазір уақытша тергеу абақтысында. Дәл осындай қылмыс Қаратау ауданы аумағында да ашылды. Қаратау ПБ-нің полиция қызметкерлері пәтерден ноутбук ұрлаған ОҚО тұрғынын ұстаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.