Шымкентте пәтерге ұрлыққа түсіп жүргендер ұсталды

0
1 332

ERNUR.KZ. Шымкенттік полицейлер қала тұрғындарының үйінен бағалы заттар мен теxникалық жабдықтарды ұрлап келген үш ұрыны қолға түсірді, - деп xабарлайды ОҚО ІІД.


Шымкентте пәтерге ұрлыққа түсіп жүргендер ұсталды

ERNUR.KZ. Шымкенттік полицейлер қала тұрғындарының үйінен бағалы заттар мен теxникалық жабдықтарды ұрлап келген үш ұрыны қолға түсірді, - деп xабарлайды ОҚО ІІД .

Ағымдағы жылдың ақпан айында шымкенттік тұрғын полиция бөліміне шағым түсірген. Онда белгісіз біреулер үйінен ақша мен теледидар ұрлағанын көрсеткен. Аталған факті бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, үй ұрлау оқиғасына қатысты деген күдікпен үш азамат қолға түседі.

Полицейлерің мәліметі бойынша күдіктілердің 2 млн теңгеден астам бөтеннің мүлкін ұрлаудың 20 ұрлыққа қатысы барын анықтады. Күдіктілер бұл жымысқы әрекеттерін үй иелері жоқ кезде ашық қалған есік немесе терезе арқылы жүзеге асырып келген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы ретте тәртіп сақшылары үй ұрлықшыларының құрбаны болмас үшін тұрғындарға өзінің мүлкіне мұқият болып, пәтерлерін ашық қалдырмауды, үй терезелеріне қорғаныш торларын орнатуды сұрайды.

Егер Сіз осы секілді және өзге де қылмыстық оқиғаның жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне немесе полицияға дереу хабар беріңіз.