Шымкентте құрылыс материалдарын ұрлап жүрген азамат ұсталды

0
1 073

Тергеу нәтижесінде ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы екі өзгенің мүлкін ұрлау жайтына қатысы бары анықталды.


Шымкентте құрылыс материалдарын ұрлап жүрген азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Шамамен жарты миллион теңгені құрайтын құрылыс материалдарын тұрғызылып бітпеген үйінің ауласынан ұрлап кеткенін айтқан шымкенттік тұрғынның арызы негізінде Шымкент қ. Абай ІІБ ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлыққа күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тергеу нәтижесінде ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы екі өзгенің мүлкін ұрлау жайтына қатысы бары анықталды. Келтірілген жалпы шығын 1,5 миллион теңгеден астам соманы құрады.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа қылмыс жасауға қатысы бар жоғын анықтауда.