Шымкентте табиғи газ беру екі күнге тоқтатылады

0
1 094

Бұл – 2018-2019 жылыту маусымына дайындыққа қатысты атқарылатын жұмыстың бір бөлігі.


Шымкентте табиғи газ беру екі күнге тоқтатылады

2018 жылдың 24-26 сәуірі аралығында Шымкенттің бірнеше көлесінде құбырлардағы газ өшіріледі. Бұл – 2018-2019 жылыту маусымына дайындыққа қатысты атқарылатын жұмыстың бір бөлігі,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтама жасап.

Осы күндері мына көшелерде табиғи газ беру уақытша өшіріледі:

Клара Цеткин, Жас қазақ, Көлбаев (бұрынғы Подвойский), Қаратөбе тасжолы, Қапал батыр, Шүкіров, Еламан, Сиреневый, Нұрлыбаев (бұрынғы Пархоменко), Әбдіразақов, Володарский, Жансүгіров көшелері, Таштракт және Текстильшілер поселкесі.