Шымкентте «Таза қала!» акциясы басталды

0
1 268

Жаз бойы жалғасатын ауқымды жобада тазалықпен қатар әр ауданнан «Ең үздік учаскелік инспектор» жүлдесі сарапқа салынады.


Шымкентте «Таза қала!» акциясы басталды

ERNUR.KZ. Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі акция шаһар тазалығына бағытталған. Яғни, қала аумағындағы жеке және көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелер, таза аудандардың арасынан үздігін 13 адамнан құралған комиссия мүшелері анықтайды.

Жаз бойы жалғасатын ауқымды жобада тазалықпен қатар әр ауданнан «Ең үздік учаскелік инспектор» жүлдесі сарапқа салынады. Акцияға белсене қатысқан мектеп оқушылары да ескерусіз қалмайды дейді байқауды ұйымдастырушылар.

Байқауға өтінімдерді қаладағы 4 аудан әкімдігінде құрылған жұмысшы топқа 15 маусымға дейін өткізуге болады. Ал жұмысшы топ өтініш қабылданғаннан кейін 1 қыркүйекке дейін әр 15 күн сайын сараптама жасау мақсатында байқауға қытысушы көшелер мен аулаларды аралайды. Ал байқау жеңімпаздары қала күніне орай марапатталмақ. Акцияның жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құрайды.