Шымкентте тіркеусіз тұрып жатқандарды полиция іздей бастайды

0
1 174

Шара барысында полиция қызметкерлері тіркелмей тұрып жатқан азаматтарды анықтайды.


Шымкентте тіркеусіз тұрып жатқандарды полиция іздей бастайды

Шымкентте 24 сәуірде "Қауіпсіз аула" және "Көрші назары" жобалары аясында "Тіркеу" жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шара барысында полиция қызметкерлері тіркелмей тұрып жатқан азаматтарды анықтайды. Сондықтан құжаттарыңызды тексеріп, тұрғылықты мекенжайларыңыз бойынша тіркеліп үлгеріңіздер. ЖПІШ 28 сәуірге дейін созылады.