Шымкентте жас жігіт 4-ші қабаттан құлап қайтыс болды

0
964

Қайғылы жағдай Рысқұлов көшесі бойындағы құрылыс нысандарының бірінде орын алған,-деп хабарлайды жергілікті tvk арнасы.


Шымкентте жас жігіт 4-ші қабаттан құлап қайтыс болды

Қайғылы жағдай Рысқұлов көшесі бойындағы құрылыс нысандарының бірінде орын алған,-деп хабарлайды жергілікті tvk арнасы.

Куәгерлердің айтуынша, 17 жасар азамат, жаңа салынған ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстарымен айналысып жатқан. Шамамен 15 метр биіктіктен құлап кетіп, оқиға орнында мерт болды. Ол, туыстарымен бірге „Сым Тас Проект„ ЖШС -не жалдамалы қызметкер екен.

Бұл туралы Облыстық еңбек инспекциясы хабардар. Айтуларынша, арнайы комиссия құрылып, келеңсіз жағдайға қатысты, ақпарат нақтыланады.

Тас Проект„ ЖШС -нің қызметкерлері жұмыс барысында қауіпсіздік шараларын сақтамайтынын айтады TVK арнасы.