Шымкенттегі ағаштар талапқа сай бұталады

0
1 784

​Шымкент қаласында әр ағаш санитарлық нормаға сәйкес кесіледі,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкенттегі ағаштар талапқа сай бұталады

Шымкент қаласында әр ағаш санитарлық нормаға сәйкес кесіледі,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала көшелеріндегі талдардың өсіп кеткен бұтақтары жел соқса, электр сымдарына зақым келтіріп, апатты жағдай туғызуы мүмкін. Осыған сәйкес инженерлік коммуникацияға кедергі келтіретін қураған талдар оталуда, деп мәлімдеді мамандар.

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, талдарды бұтау жұмыстары санитарлық нормаға сай жүргізілуде. Мәселен, бағдаршамды, жол белгілерін жауып қалған, жарықшамдар немесе инженерлік коммуникацияға кедергі келтіретін бұталар кесілуде. Ал көп қабатты тұрғын үйлердің ауласындағы жұмыстар аудандық әкімдікке жүгінген тұрғындардың арыздары бойынша жүргізіледі.