Шымкенттегі "Оңалту түрмесі" жазасын өтеушілерді қоғамға бейімдейді

0
2 929

Шымкенттегі бұл түзету мекемесі түрмеге тоғытылғандардың бостандықтағы өмірі оңалып кетуі үшін, əлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында барлық құзыретті мекемлермен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеп келеді


Шымкенттегі

Шымкент қаласындағы ИЧ 167/2 түзеу мекемесінде "Оңалту түрмесі" пилоттық жобасының аясында іс шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түрмедегілердің жазасын өтеп шығуға таянғандарына қоғамға бейімделіп кетуі үшін барлық жағдай жасауға бағытталған бұл жобаның мақсаты айқын. Түзеу мекемесінен кейін түтінін түзу шығарып, өмірін түзеткісі келгендерге тұрақты жұмыс беріп, кəсібін ашып, өз бизнесін дөңгелетем дегендерге бағдар беріп, көмек көрсету. Кəсіп ашқысы келгендерді арнайы курстарға жіберіп, кейіннен тұрақты табыс көзін табуына сеп болу.

"Оңалту түрмесі" пилоттық жобасы аясында ИЧ 167/2 түзеу мекемесінде биылғы жылдың мамыр айында да осындай іс шара өткен болатын. Нақты екі жазасын өтеп шыққан азаматқа көмек көрсетілген.

Баспанасы жоғын оңалту орталығына жіберіп, біреуіне тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге пилоттық жобаның əсері болған. Түрмеге тоғытылғандардың бостандықтағы өмірі оңалып кетуі үшін, əлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында барлық құзыретті мекемлермен тығыз қарым қатынаста жұмыс істейтіндіктерін айтады ИЧ 167/2 түзеу мекемесінің басшылығы.
Бұл түзеу мекемесінде ауыр жəне аса ауыр қылмысы үшін тоғытылған 676 сотталушы бар. Оның тек он шақтысы ғана жазасын өтеуге таянғандар екен.
Айбек Тəңірбергенов, ИЧ 167/2 түзеу мекемесі басшысының орынбасары:
"Бұл жоба аясында тек жазасын өтеп шығуға таянғандарға ғана əлеуметтік құқықтық көмек көрсетіледі. Біз жазасын өтеп шыққандарға барлық жағынан жан жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Баспанасы жоқтар арнайы оңалту орталықтарына жіьерілсе, екі қолға бір күрек іздегендерді тұрақты жұмыспен қамтуға атсалысатмыз. Кəсібін ашам дегендерді арнайы курстарға оқуға жібереміз".