​Шымкенттік соғыс ардагерлері Жеңіс күніне орай 240500 теңге алады

0
2 313

Сондай-ақ, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысқандар мен Семей полигонының зардабын тартқандар 9 мамырға 48100 теңге (20 АЕК) мөлшерінде әлеуметтік төлем алады.


​Шымкенттік соғыс ардагерлері Жеңіс күніне орай 240500 теңге алады

Шымкентте Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күніне орай мемлекеттен 100 АЕК мөлшерінде бір реттік қаржылай сыйлық алады. Бұл 240500 теңге, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен хабарлағандай, мерекелік сыйақы соғыс жылдары тылда еңбек еткен зейнеткерлерге де беріледі. Оларға төленетін қаржы мөлшері 12025 теңге. Сондай-ақ, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысқандар мен Семей полигонының зардабын тартқандар 9 мамырға 48100 теңге (20 АЕК) мөлшерінде әлеуметтік төлем алады.

Бүінгі таңда Шымкент қаласында 79 ҰОС ардагері, 5 мыңнан астам тыл еңбекері тұрады.