Солтүстікке көшкен түркістандық наубайхана ашты

0
495

Кәсіпкер күніне шамамен 40-50 нан пісіріп, 140 теңгеден саудалап отыр.


Солтүстікке көшкен түркістандық наубайхана ашты

Солтүстікке қоныс аударған түркістандық тұрғын наубайхана ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Төлеби ауданының тумасы Еркінбек Мұсабеков ұлттық жоба аясында отбасымен бірге теріскейге қоныс аударған. Еркінбек бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында тұрады. Ол өткен жылы Ақжар ауданының Мансап орталығы арқылы мемлекеттік грант алып, қазіргі таңда нан пісіру цехын ашқан. Кейін мемлекеттік грантқа жұмысқа қажетті жабдықтарын сатып алған.


Бүгінде цех толыққанды жұмыс істеп тұр. Кәсіпкер күніне шамамен 40-50 нан пісіріп, 140 теңгеден саудалап отыр. Төлебилік азаматтың наны ауыл тұрғындарының арасында сұранысқа ие.