Созақ ауданының жастарына Елбасы мақаласы насихатталды

0
416

Қapғa тaмыpлы қaзaқтың тapиxы түгeндeлгeн Елбасымыздың рухани мақаласынан Созақ жастары рухани азық алды.


Созақ ауданының жастарына Елбасы мақаласы насихатталды

6 желтоқсан күні Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент кентінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жастарға кеңінен насихаттау және мектеп оқушыларын Ұлы даланың тарихымен таныстыру мақсатында кездесу өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Aлтaй мeн Aтыpaудың apacын, Epтіc пeн Ecілдің жaғacын мeкeндeп, Қapaтaудaн Ұлытaуғa дeйінгі ұлы дaлaны жaйлaғaн ұлтымыздың ұлылығы мен бaбaлapымыздың бaтыpлығы паш етілген кездесу І.Кеңесбаев атындағы мектептің акт залында өтті.

Жиынға қатысқан А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектептің тарих пəнінің мұғалімі Б.Аманов, Созақ аудандық Жастар ресурстық орталығының нұсқаушысы Е.Байменов жəне осы орталық заңгері С.Бегманов жастарға Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын кеңінен жан-жақты түсіндірді.

Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды қамтыған мақаланы түсіндіру барысында жастар тарапынан сұрақтар қойылды.

Залдағы 100-ден аса мектепоқушылары мен бірге ауыл жастарының арасынан белсенділік танытып, тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр көлемінде үшінші мәрте тарихымызды түгендейтін бағыт-бағдарлы мақалаға орай, құнды пікір білдіргендер көп болды.

Созақ жастары Елбасы мақаласынан рухани азық алды.

Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет