«Табиғат әлемі балалар көзімен» атты көрме өтті

0
3 650

Сайрам ауданы «Экологиялық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Бейнелеу өнері мұражайында өткізілген «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты қалалық көрме байқауының марапаттау рәсімі болып өтті.


«Табиғат әлемі балалар көзімен» атты көрме өтті

Түркістан облысы, Сайрам ауданы бейнелеу мұражайында «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты қалалық көрме байқауының марапаттау рәсімі болып өтті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Сайрам ауданында үстіміздегі жылдың 7 желтоқсан күні жасөспірімдерді қоршаған ортаны қорғауға және табиғи заттардан қолөнер бұйымдарын жасау арқылы шығармашылыққа баулу мақсатында іс-шара өтті.

Сайрам ауданы «Экологиялық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Бейнелеу өнері мұражайында өткізілген «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты қалалық көрме байқауының марапаттау рәсімі болып өтті.

Осы марапаттау рәсіміне Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры С.Қынтаев және табиғи кешендерді қорғау бөлімінің бастығы Ж.Абишов, сондай-ақ, экологиялық ағарту бөлімінің бас мамандары Қ.Бердиева, М. Серикова, Д. Әзілхан, А. Тастанбековтер қатысты.

Сонымен қатар, «Табиғат тынысы» тақырыбындағы фотосуреттер мен фотоколлаждар номинациясын, үздік жұмыстарды Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық Паркінің бас директоры С.Қынтаев марапаттады.