​«Тау самалы» лагері республикалық меншікке өтті

0
2 718

"Тау самалы" лагеріне арналған мектеп салынады


​«Тау самалы» лагері республикалық меншікке өтті

ERNUR.KZ. Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты «Тау самалы» облыстық мамандандырылған оқу-сауықтыру орталығы» МҚКК мүліктік кешен ретінде «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының меншігіне өткізілді, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде «Балдәурен» РОСО-ның директоры Мұхитдин Төлепбаев айтты. Енді «Тау самалы» лагеріне Қазақстанның барлық аймақтарынан мектеп жасындағы балалар келе алады. Сол арқылы балалар арасындағы туризмді дамытудың бір жолы ашылады. Сонымен қатар бұрынғы қызметкерлердің штаттары сақталады және аудан тұрғындары үшін 70 адамға жұмыс орындары ашылады.

Жалпы, «Балдәурен» РОСО халықаралық деңгейде жұмыс істейді. Оған 8 мемлекеттен балалар келген.

М. Төлепбаев келесі жылы «Тау самалы» лагеріне арналған мектеп салу жоспарының бар екендігін айтты. Жыл он екі ай жұмыс істейтін мектеп оқу, сауықтыру бағытында жұмыс жасайды. Онда дәрігерлердің саны көбейеді.