Төлебиде "Сыбайластықтан таза мектеп" акциясы өтуде

0
2 145

Еліміздің ертеңін жалғайтын, көркейтетін жас, саналы ұрпақты сыбайлас жемқорлықтан арашалау мақсатындағы игі іс.


Төлебиде

Салауатты әлеуметтік орта қалыптастыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз білім беру мен жастарды сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында Түркістан облысы Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде "Сыбайластықтан таза мектеп" акциясы өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Сыбайластықтан таза мектеп» ұранымен өткізіліп жатқан мектепаралық іс-шара №4 Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінен бастау алды.

Төлеби ауданының білім бөлімі еліміздің ертеңін жалғайтын, көркейтетін жас саналы ұрпақты, қазіргі қоғамның үлкен дерті сыбайлас жемқорлықтан арашалау және әділ де шыншыл етіп тәрбиелеу мектептердегі парақорлықтың алдын-алу және өскелең ұрпаққа оңай олжаның абырой әкелмейтінін ұқтыру мақсатында осындай игі іс-шараны қолға алған.

№4 Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебінен бастау алған шараның жалғасы аталған аудандағы №1 мектеп-гимназиясында өтті.

«Бұл акция бір күн емес, бір апта болды. Барлық мектептерде өткізілді. Бастауыш сыныптарда да жалғасты. Оқушылар осы тақырыпта эссе жазады. Бұл эстафета барлық мектептерде жалғасады», - дейді № 1 мектеп-гимназиясының директоры Назира Тезекова.

Бұдан кейін шара эстафетасы Төлеби ауданына қарасты №3 П.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебіне берілді.

Дереккөз: Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі