​Төлебилік 60 отбасыға «OTAU-TV» тюнері таратылды

0
1 071

Телевизиялық абоненттік жалғамаларға шара барысында төлебилік 60 отбасы ие болды


​Төлебилік 60 отбасыға «OTAU-TV» тюнері таратылды

Түркістан облысы, Төлеби ауданының тұрғындарына «OTAU-TV» тюнерлері таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтар болсақ, «OTAU-TV» тюнерлері Төлеби ауданының атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушы отбасыларына таратылды. Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамаларымен қамтамасыз етілді.

Телевизиялық абоненттік жалғамаларға шара барысында төлебилік 60 отбасы ие болды.

Айта кетейік, «OTAU-TV» - теледидарлама мен радио хабарын эфир және жерсерік арқылы тарату жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық операторына — «Қазтелерадио» АҚ қарасты сауда белгісі. Бұл атау Intelsat 904, 60° E жерсерігі арқылы «Жерсеріктік телерадиохабар тарату ұлттық қызметінің» теледидарлама мен радио арналар дестесіне үшін пайдаланылады. «Otau TV» жерсеріктік телехабар тарату желісі абоненттерін отандық Kazsat-3 жерсерігіне көшіру 2016 жылдың 15 наурызында басталған болатын.