​Төлебиліктер әкімге жеке мәселелерін айтты

0
1 156

Қабылдауға келген азаматтар – білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарына қатысты, ауыз су, жол мәселелері жөнінде өз өтініштерін жеткізді.


​Төлебиліктер әкімге жеке мәселелерін айтты

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдауға келген азаматтар – білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарына қатысты, ауыз су, жол мәселелері жөнінде өз өтініштерін жеткізді. Аудан басшысы азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдап, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін тілге тиек етіп, ал, бірқатары бойынша тұрғындарға шешімнің заңды жолдарын түсіндіріп, орындау бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Айта кету керек, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.
Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547) 6-13-70 нөміріне хабарласуға болады.

Дереккөз: Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі