Төлемақының қымбаттауы «антимонополиялық» комитеттің құзырындағы дүние

0
1 215

​ERNUR.KZ Шымкентте 24-наурыздан бастап жылыту маусымы аяқталды. Жылу орталығының басшысы Мария Хохлованың айтуынша, қаладағы көпқабатты үйлерге 2017 жылдың қазан айының 20-жұлдызынан жылу іске қосылып, төлемақы қарашаның 1-інен бастап есептелді. 143 тәулік берілген жылу энергиясы пәтердің 1 шаршы метріне 142,31 теңгені құрады.


Төлемақының қымбаттауы «антимонополиялық» комитеттің құзырындағы дүние

ERNUR.KZ Шымкентте 24-наурыздан бастап жылыту маусымы аяқталды. Жылу орталығының басшысы Мария Хохлованың айтуынша, қаладағы көпқабатты үйлерге 2017 жылдың қазан айының 20-жұлдызынан жылу іске қосылып, төлемақы қарашаның 1-інен бастап есептелді. 143 тәулік берілген жылу энергиясы пәтердің 1 шаршы метріне 142,31 теңгені құрады. Яғни Шымкент қаласындағы жылу беру коммуналдық қызметі үшін 0,094 Гкал/м2 жылу пайдалану нормасы есептелген.

Осы күнге дейін қалада жылыту құбырлары 50 пайызға жаңартылды дейді орталық басшысы.

-«Қалған пайызын жаңалау жұмыстары алдағы жылдары толықтай жүзеге асырылады. Жалпы жылыту құбырлары жаңартылғаннан кейін кемінде 30-40 жыл қызмет етеді. Өз уақытынан бұрын жарамсыз қалыпқа ену жағдайы болған емес. Ал Қарасу мөлтекауданындағы ескі құбырларды қымтау жұмыстары «аценкова» материалымен жасалды. Бұрындары қара қағазбен қапталып келген құбырларға қарағанда бұл әлдеқайда төзімді.

Қаланың солтүстік бөлігінде тозығы жеткен жылыту құбырларды анықтау, есептеу жұмыстары бір ай көлемінде аяқталады. Қала әкімінің тозығы жеткен құбырларды жаңарту мәселесін 2018-2019 жылдарда аяқтау керек деген тапсырмаға сәйкес тыңғылықты жұмыстар атқарылуда.

Төлемақының қымбаттауы Антимонополиялық комитеттің құзырындағы дүние. Өзбекстан мемлекетінен сатып алынған газды бері қарай жеткізу де оңай шаруа емес. Оған қыруар қаржы жұмсалады»- дейді М.Хохлова.

2015-2016 жылғы жылыту маусымында қала тұрғындары жылу үшін 109,67 теңге төлеген. Ал, 2016-2017 жылдары жылу үшін қалалықтар пәтердің шаршы метріне 124,8 теңге төледі.