"ТРАКТОРШЫНЫҢ МАХАББАТЫ": Жас жұбайларлардың тойындағы тракторлар кортежі желіні шулатты (видео)

0
3 127

Жас отбасы үйлену тойларын трактормен шығуды жоспарлаған.


Түркістан облысында тракторист жігіт өзінің үйлену тойындағы кортежінде трактормен жүріп өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл аулының жастары Дархан мен Марал өткен жылдың соңында отау құрған. Отағасы Дархан биыл тойларын ерекше өткізуді ойлап, той кортежінде трактормен жүру туралы достарымен және ауылдастарымен ақылдасыпты.

Бұл идеяны жігіттің жары той болардан сәл ғана бұрын білген. Босаға аттаған келіншек үшін бұл кортеж тосын сый болыпты.

"Басында ескі көлікпен шығамын деген ойым бар еді. Москвичтерді іздестірдім таппадым. Сөйтіп трактормен жүру туралы ойымды айтқанда күле қараған. Олай болмайды ғой, деп қарсылық білдірген. Ондай нәрсе болмаған деген де болатын. Кейіннен бәрі мені қолдап тракторларын сәндеп, ауылды аралап, ауылдың балалары алдымыздан шығып, мәре-сәре болып жатты", - дейді өз тойын ерекше үлгіде өткізген Дархан.

Дарханның өзі тракторист, МТЗ-80 маркалы тракторы бар. Ауылдағы барша тракторшылар Дарханның бұл идеясын қолдай кетіп, жастардың тойына өздерінің де үлестерін қосуға атсалысыпты. Олар да өз тракторларын сәндеп, кортеж қатарына қосылған.