«Túrkіstan BAQ — 2022» шығармашылық байқауы өтеді

0
564

Байқауға өңірдегі БАҚ саласындағы кез келген ұжым, журналист қатыса алады.


«Túrkіstan BAQ — 2022» шығармашылық байқауы өтеді

Түркістан облысында «Túrkіstan BAQ — 2022» шығармашылық байқауы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

  • Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі 2022 жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей өтеді.
  • Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы 2022 жылғы 10 маусымнан бастап «Túrkіstan BAQ — 2022» шығармашылық байқауына материалдар қабылдауды бастайды. Байқауға өңірдегі БАҚ саласындағы кез келген ұжым, журналист қатыса алады.

Мақсаты — талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардыңкәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету.

Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері Түркістан облысының дамуына қатысты позитивті материалдарын 2022 жылдың 20 маусым, сағат 19.00-ге дейін тапсыра алады.

2. Байқау тізбеге сәйкес келесі номинациялардан тұрады:

1. «АЛТЫН МИКРОФОН» (Телеарнадағы үздік талдау-сараптама материалдары үшін)

2. «АЛТЫН ҚАЛАМ» (Мерзімді басылымдағы үздік талдау-сараптама үшін)

3. «TҮРКІСТАН-ТЕМІРҚАЗЫҚ» (телеарнадағы ақпараттық-талдау бағдарламасына арналған үздік сюжет)

4. «ОБЪЕКТИВ» (Фотографтардың өңір туралы үздік жұмыстары үшін)

5. «СТОПКАДР» (телеоператорлардың өңір туралы үздік жұмыстары үшін)

6. «КӨЗҚАРАС»үздік журналистік зерттеу мақаласы

7. «ТҰРАН САЙЫПҚЫРАНЫ» (Республикалық, облыстық БАҚ тілшілерінің үздік жұмыстары үшін)

8. «ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» (ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 30 жылдығына орай, Түркістан облысының дамуы тақырыбындағы үздік мақала);

9. «ТАҢҒАЖАЙЫП ТҮРКІСТАН» (Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл толуына орай үздік бейнеролик);

10. «ТУҒАН ЖЕР ЖАНАШЫРЫ» (Өз энтузиазмымен өңір туралы блогплатформалар мен тұғырнамаларда, әлеуметтік желілерде позитивті жаңалық жариялаушы желі белсенділері мен фрилансерлер);

11. «ҮЗДІК АЙМАҚТЫҚ БАСЫЛЫМ» (Облыстың аудан, қалаларындағы аймақтық баспа БАҚ-тардың еңбегі үшін);

12. «TURKISTAN ONLINE» — үздік сайтты марапаттау.

13. «АЙНА» (Үздік корректорларға арналған сыйлық)

14. «АЛТЫН КӨПІР» үздік баспасөз хатшысы