Түлкібас ауданында боранға байланысты жылыту пунктері ашылды

0
1 085

Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.


Түлкібас ауданында боранға байланысты жылыту пунктері ашылды

Түлкібас ауданында боранға байланысты 3 жылыту пункті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

11 ақпанда Түлкібас ауданы, Шақпақ-баба ауылына дейін, А-2 «Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» тас жолының жабық учаскесінің алдында (593-632 км, Жамбыл облысы –Машат елді мекені) 120 жеңіл, 100 жүк көлігі, 600-ге жуық жолаушы және 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды.
Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.
Жұмысқа ТЖД күштер мен құралдары (2 жеке құрам, 1 бірлік техника), Полиция департаментінен (8 жеке құрам, 1 бірлік техника), жергілікті атқарушы органнан (8 қызметкер және 4 бірлік техника), жедел жәрдем (3 қызметкер, 1 бірлік техника) жұмылдырылды.
Сонымен қатар, жедел желі телефондары ашылды: 8(7253)357881.