Түлкібаста аудан студенттерінің «Резолюциясы» қабылданды

0
2 229

Студенттер 2019 жыл - Жастар жылын өткізуді талқылады.


Түлкібаста аудан студенттерінің «Резолюциясы» қабылданды

17- қараша Халықаралық студенттер күніне орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Түлкібас аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен 2019 жыл – Жастар жылын өткізу бойынша ұсыныстар мен пікірлер айту, ауданымызда жастар саясатын дамыту, бастамашыл жастарды айқындау, жастар арасында патриотизмді дамыту, дарынды, студенттерді қоғамдық өмірге тарту мақсатында «Жастар жалыны» атты Түлкібас ауданы студенттерінің слёті өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жастар жалыны» атты Түлкібас ауданы студенттерінің І слётінің спикерлері Түркістан облысы «Жас Отан» Жастар қанатының төрайымы Намаз Жұлдыз Алмазқызы, «Ауыл және жұмысшы жастар» жастар ҚБ төраға орынбасары Джамалов Асылбек Досмұхаммедұлы, Ауданымыздың ең жас әкімі, Балықты ауылдық округінің әкімі Арман Жақсылықұлы Үркембаев, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары аумақтық штабының жетекшісі, ОҚО бойынша 2017 жылдың үздік студенті Джолбасханов Ислам Талипұлы, «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Әдиат Ердәулет Ералыұлы жастармен еркін пікір алмасты.

Слет қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер негізінде Түлкібас ауданы студенттерінің «Резолюциясы» қабылданды.

Дереккөз: Түлкібас Жастар орталығы