​Түлкібаста «Елдің туын желбіреткен Елбасы!» атты салтанатты жиын өтті

0
1 443

ерекелік жиында қатысушылар Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолымен, туып-өскен, білім алған жерлерінен толыққанды ақпарат алды.


​Түлкібаста «Елдің туын желбіреткен Елбасы!» атты салтанатты жиын өтті

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні мерекесіне орай «Елдің туын желбіреткен Елбасы!» атты салтанатты жиын болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты жиынға колледж оқытушылары мен қызметкерлері және студенттер қатысты.

«Іс-шараның басты мақсаты – Елбасының Тәуелсіз мемлекетті басқарудағы біліктілігінен, оның бірегей тұлғалық және адами қасиеттерінен, ел басқарудағы шеберлігі мен дамудағы тың идеяларынан үлгі алуға шақыру» дейді колледж басшылары.

Мерекелік жиында қатысушылар Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолымен, туып-өскен, білім алған жерлерінен толыққанды ақпарат алды.

«Елбасының өмір жолынан үлгі ете отырып, жас ұрпақтың санасына Отанын сүю, халқын ардақтау сынды қасиеттерді сіңіру басты мақсатымыз. Сонымен қатар студенттерді ержүректілікке, азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеуді міндетіміз деп білеміз. Қорыта айтқанда, шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оған деген құрметті арттыру», дейді ұйымдастырушылар.