​Түлкібаста қазақ күресінен ашық біріншілік өтті

0
1 743

Жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздар медальдармен марапатталды.


​Түлкібаста қазақ күресінен ашық біріншілік өтті

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ-баба ауылында аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің залында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай қазақ күресінен жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Түлкібас аудандық дене шынықтыру бөліміне сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасында өткен ашық біріншілікте қатысушылар 13 салмақ дәрежесінде күш сынасып, өзара мықтыларды анықтады.

Ұлдар арасында 23, 26, 29, 32, 35, 38, 42, 46, 50, +50 көрсеткіштегі салмақ иелері сыналса, ал қыздар арасында 44, 48, 52 салмақтағылар сынға түсті.

Өте тартысты әрі қызықты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орын Ұрбұлақ командасына бұйырды. Ал ІІ орынға №3 БЖСМ командары лайық деп танылды.

Бәйгедегі бәсекелестерін басып озған Дауан командасының спортшылары І орынды жеңіп алып, жақындарының сенімін ақтады.

Жеңіс тұғырынан көрінген барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық №3 БЖСМ-нің дипломы табысталып, медальдармен марапатталды.