​Түлкібаста желтоқсаншыларға құран бағышталды

0
1 256

Жабағылы ауылының тұрғындары ұйымдастырды.


​Түлкібаста желтоқсаншыларға құран бағышталды

сурет:old.aikyn.kz

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылының белсенді тұрғыны, қоғамдық жұмыстардың басы-қасында жүретін беделді азамат Толыбек Мылтықбаевтың демеушілігімен және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында еркін күрестен желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған облыстық турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Түлкібас ауданы Жабағылы ауыл әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауылдағы мүшел жастан шыққан 1969 жылы туылған жігіттердің садақасы ретінде мал сойылып,мешіт жанындағы 100 кісілік орын жайда жарысқа қатысушыларға дастархан жайылды. 150-ден астам кісіге ыстық тамақ беріліп, әруақтарға құран бағышталды.

Асқа турнирге қатысқан спортшылар мен мектептің 1-11-сынып аралығындағы оқушылар келді. Жиналған жастарға ауыл ағалары еліміздің тәуелсіздікке қалай қол жеткізгендері, бүгінгі ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүру үшін қаншама қан төгілгені жайында керемет естеліктер айтылды. Үлкендердің әңгімелерін ұйып тыңдаған жастардың бойында отансүйгіштік қасиеті артып, білім алуға деген құлшынысы оянатыны анық.