​«ТҮЛКІБАСТАҒЫ ТУРИЗМ» атты пікір-сайыс өткізілді

0
1 960

Түлкібаста студент жастардың қатысуымен пікірсайыс турнирі өткізілді.


​«ТҮЛКІБАСТАҒЫ ТУРИЗМ» атты пікір-сайыс өткізілді

Фото: scontent-sjc3-1.cdninstagram.com/

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Түлкібас аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен студент жастар арасында «Түлкібастағы туризм» атты пікірталас турнирі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атаулы шара 17 қараша — Халықаралық студенттер күніне және Түлкібас ауданына 90 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Турнирдің басты мақсаты — студент жастардың бойындағы шешендік өнер мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту, студенттерді қоғамдық өмірге тарту, ауданымызда пікірталас қозғалысын дамыту.
Турнир барысында студент жастар аймақ туризміне қатысты ауқымды мәселелер жайында сөз қозғап, ой бөлісті. Ойы озық, пікірі құнды саналған ойжүйріктер арасынан жүлделі I орынды Түлкібас көпсалалы колледж студенттері Жарас Шаттық пен Мұхаммедияр Дархан, II орынды Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі студенттері Пайыз Ұлдаш пен Жарылқапов Алланияз, III орынды Түлкібас көпсалалы колледж студенттері Каман Аида мен Тұрғынбек Қарлығаш иемденді. Турнир жеңімпаздары мен басқа да қатысушылары бағалы сыйлықтармен, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.