​Түлкібастықтар Елбасы туралы фильмді тамашалады

0
1 756

Кино Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының мәдениет үйінде көрсетіледі.


​Түлкібастықтар Елбасы туралы фильмді тамашалады

Түркістан облысы Түлкібас ауданында Қазақсан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ақан Сатаев түсірген «Елбасы жолы. Астана» атты фильмнің көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Хабарландыру! Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары Сіздерді бүгін сағат 11:00 және 15:00 де Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының мәдениет үйінде өтетін "Елбасы жолы. Астана" фильмін тамашалауға шақырамыз» делінген хабарламада.

16-желтоқсан Қазақсан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ақан Сатаев түсірген «Елбасы жолы. Астана» атты фильм Қазақстан Президенті туралы киноэпопеяның алтыншы бөлімі саналады. Көркем туынды Астананың қалыптасу тарихына арналған. Фильмде 1994 жылғы шілде айында Қазақстанның бас қаласын Алматыдан Ақмолаға көшіруге байланысты қабылданған шешімнен бастап, елорданың осы күнгі тыныс-тіршілігіне дейін толық қамтылған.

Елорда тарихынан сыр шертетін бір жарым сағатқа созылған фильмді аудан тұрғындары тамашалап, патриоттық сезімге бөленді.

Естеріңізге сала кетейік, Елордамыз Астананы салу жолындағы Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы бейнеленген фильмдегі басты рөлдерде Мұрат Ахманов, Жан Байжанбаев, Олег Ли, Азат Сейітметов, Асқар Ілиясов, Гүлнар Жақыпова сынды белді актерлар сомдаған. Кинокартинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» және «Сатайфильм» киностудиялары түсірген.