​Түркістан - күллі түркінің түп қазығы

0
1 999

Өткен жылы «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» атанып, өңірде 40-тан аса мәдени шаралар өткен.


​Түркістан - күллі түркінің түп қазығы

фото: ERNUR.KZ

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жайында пікір білдірген Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і доценті Ләззат Динашева Түркістанның тек қазақ халқы емес, күллі түркінің түп қазығы екендігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында халқымыздың ұлттық ерекшеліктеріне тоқталған.Онда «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі, «Ұлы жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» атты тақырыптармен тарқатады. Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде арттыру қажеттігін атап өтті.

- Тұран, Яссы, Түркістан. Бұл ұғымдар қашанда күллі түркі халықтары үшін ұлық болып келген. Қазақ жұрты үшін тіпті ерекше. Ұлттық тағдырына қатысты шешімдер осы қалада қабылданып, төрткүл даламызға тарқады. Бүгінде қазақтың тарихи қайраткерлері мәңгілік мекен тапқан қасиетті орын. Өткен жылы «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» атанып, өңірде 40-тан аса мәдени шаралар өтті. Түркі халықтары бас қосқан бірнеше форум, ғылыми жиындар өтті. Мәселен, күні кеше ғана Түркістан қаласында «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция өтіп, Түркістанда халықаралық түркі академиясының ғылыми орталығы ашылатын болды», - деді Ләззат Сәрсенбекқызы.