ТҮРКІСТАН: 1 млн. 340 мың тұрғын табиғи газды қосуға мүмкіндік алады

0
409

89 нысанның құрылысына 14,4 млрд.теңге бөлінген.


ТҮРКІСТАН: 1 млн. 340 мың тұрғын табиғи газды қосуға мүмкіндік алады

Түркістан облысында 448 елді мекен табиғи газға қол жеткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.


Облыс әкімінің айтуынша, абиғи газбен қамту бойынша 2021 жылы 89 нысанның құрылысына 14,4 млрд.теңге бөлініп, оның ішінде 29 нысан (25 е.м. 65 683 адам, 2 АГРС, 2 көше) пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысымен, 448 елді мекен (53,2%) немесе 1 млн. 340 мың халық (65,5%) табиғи газды қосуға мүмкіндік алады.