ТҮРКІСТАН: 100-ден астам балаға базарлық жасалды

0
2 694

30 қызға алтын сырға, 25 сәбиге самокат үлестірілді.


ТҮРКІСТАН: 100-ден астам балаға базарлық жасалды

Түркістанда облысында балаға базарлық жасалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында қасиетті Шағбан айында «Сыйлық сыйла, сәбиге» акциясының аясында түркістандық 105 балаға түрлі сыйлықтар тарту етілді. Жартылай жетім отбасының балаларына арналған акция қалалық мешіттің ұйымдастыруымен зекет қоры арқылы қолға алынып отыр. Атап айтқанда, 50 ұлға велосипед, 30 қызға алтын сырға, 25 сәбиге самокат үлестірілді. Сондай-ақ, балаларға арналып дастарқан жайылды. Қайырымдылыққа 4 млн 200 мың теңге жұмсалған.

Қалалық зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Жаһангир Абдуалиев балаларға қала имамы Ұлықбек Әлиакбарұлының ыстық сәлемін жеткізіп, демеушілерге ризашылығын білдірді.