ТҮРКІСТАН: 100 озат бала «Көктөбе» демалыс аймағына жол тартады

0
1 343

Тегін жолдама беріліп отыр.


ТҮРКІСТАН: 100 озат бала «Көктөбе» демалыс аймағына жол тартады

Түркістан облысында үздік оқитын созақтық 100 бала «Көктөбе» демалыс аймағына жіберілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы Созақ ауданындағы оқу жылын үздік қорытындылаған 100 балаға тегін жолдама беріліп отыр.


Игі бастама балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, дарынды ауыл балаларының интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, қолдау көрсету мақсатында «Жазғы сауықтыру және демалыс жолдамасы» әлеуметтік жобасы шеңберінде жүзеге аспақ.


Осы орайда, созақтық балалар 27 шілде күні Төлеби ауданында орналасқан "Көктөбе" демалыс аймағына жіберіледі. Онда балалар өз уақыттарын тиімді өткізіп, спорттық және интеллектуалдық шаралар ұйымдастырылады.


Балалар жаңа дос тауып, көңіл көкжиегін кеңейтіп, жаз мезгілін барынша қызықты өткізуге жағдай жасалған.