ТҮРКІСТАН: 101 жастағы қарияға жаңа жеке куәлік берілді

0
2 796

Ғасыр жасаған әже - Созақ ауданының тұрғыны.


ТҮРКІСТАН: 101 жастағы қарияға жаңа жеке куәлік берілді

Созақ ауданының 101 жастағы тұрғынына жаңа жеке куәлік берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ТО ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Созақ АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады. Осы мақсатта Созақ АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ халық арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жеке куәлігінің мерзімі өткен, бір ғасыр жасаған әжені анықтады. Содан кейін ақ жаулықты ананы шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, фото-бейнеге түсірді. Осылайша Созақ ауданының тұрғыны Сырғакүл Керімбековаға жеке куәлігін қайта жасап беруге көмек беріліп, дайын құжаты табысталды.

Жалпы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға, егде жастағы жүріп-тұруы қиын қарияларға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильдік топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Ең басты мақсат - халыққа қолайлы қызмет ұсыну болып табылады.