ТҮРКІСТАН: 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 2,8 млрд. теңге бөлінді

0
543

108 мектептің кітапханаларын жаңғырту жұмыстары қолға алынды.


ТҮРКІСТАН: 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 2,8 млрд. теңге бөлінді

Түркістан облысында жүзден астам мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бойынша 108 мектепті жаңғырту жоспарланған. Оның ішінде 12 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, 18-інде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 100-ге жуық мектептің асханалары жөндеуден өтеді. 108 мектептің кітапханаларын жаңғырту жұмыстары қолға алынды.


Бұған қоса, облыста 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 2,8 млрд. теңге қаржы қарастырылып, оның 5 мектебі тамыз айының соңында аяқталса, қалған 6 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 1 мектеп 2022 жылға өтпелі. Аталған нысандағы күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына өз кедергісін тигізбейді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 18 мектепке 86 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.