ТҮРКІСТАН: 120 мың гектар жайылым ортақ пайдалануға беріледі

0
569

8,8 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: 120 мың гектар жайылым ортақ пайдалануға беріледі

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 43,8 мың гектар жердің пайдаланылмай жатқандығы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары барысында 43,8 мың гектар жердің пайдаланылмай жатқандығы анықталды. Қазіргі таңда, оның 17,9 мың гектарын жер иелері өз еріктерімен мемлекет меншігіне қайтарса, 18,8 мың гектарын қайта игеруге кіріскен, ал 8,8 мың гектар жерді аудан, қала әкімдіктері тарапынан мемлекет меншігіне қайтару шаралары жүргізілуде. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарған жұмысын қорытындылаған Облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерғали Тілеген мәлімдеді.


«Биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы 145,5 мың гектар жерді айналымға қосу жоспарланған. Нәтижесінде конкурс арқылы жалпы аумағы 47,1 мың гектар 867 жер телімі айналымға енгізілді. Облыс әкімінің тапсырмасымен жайылым жерлерді қайтарудың 5 бағыттық алгоритмі әзірленген. Нәтижесінде бірінші кезекте жайылым тапшылығы орын алған 152 елді мекен маңындағы жекешелендіріліп кеткен 129,6 мың гектар жайылымдық жер анықталды. Бүгінге дейін оның 117,6 мың гектары ауыл әкімшіліктерінің теңгеріміне берілді. Жыл соңына дейін бекітілген жоспар толығымен орындалады», – деді Ерғали Амангелдіұлы.