ТҮРКІСТАН: 15 наурыз – «Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі» күні

0
679

Ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, қымыз ішуден, бауырсақ жеуден жарыстар, туризмге қатысты интерактивті ойындар ұйымдастырылады.


ТҮРКІСТАН: 15 наурыз – «Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі» күні

Түркістанда «Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі» күні өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрамымыз.


15 наурыз күні сағат таңғы 9-дан бастап Түркістан облысының әкімдігінен бастап барлық аудан, қала, ауылдардағы мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері «Наурыз» мерекесіне байланысты ұлттық киім кию челленжін бастайды.


Сондай-ақ, Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістанға келуші қонақтар ағынын ұлғайту мақсатында «Керуен» сарай» туристік кешенінде Түркістан облысының туристік маусымының ашылуы өтеді. «Turkistan» телеарнасының 2 жылдығына орай бағдарлама түсірілімі ұйымдастырылады.


Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, қымыз ішуден, бауырсақ жеуден жарыстар, туризмге қатысты интерактивті ойындар ұйымдастырылады. Бұл шаралар 15.00-де басталып, кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.