ТҮРКІСТАН: 1,5 жасар сәби тарақанға қарсы дәріні ішіп уланып қалды

0
1 603

Тарақанның уын жеп уланған бір жарым жастағы қызды жедел медициналық жәрдем дәрігерлері Ленгер ауруханасына жеткізген.


ТҮРКІСТАН: 1,5 жасар сәби тарақанға қарсы дәріні ішіп уланып қалды

Түркістан облысының дәрігерлері тарақанның уын жеп қойған 1,5 жасар бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ленгір қаласының орталық ауруханасына түскен кішкентай науқасқа дер кезінде шұғыл көмек көрсеткен дәрігерлердің арқасында қазір оның өміріне қауіп жоқ. Сәбиге "жіті улану" диагнозы қойылған. Ата-анасының дәрігерлерге деген алғысы шексіз.

Қайғылы оқиға Ленгер қаласында орын алған. Ата-анасы үйлеріне келген мейманмен жүріп, қараусыз қалған қыздары еденнен тауып алған уды жеп қойған. Анасының дер кезінде байқап қалып, жедел жәрдем шақырғанымен сәби улы заттан зардап шеккен.
Бұл тұрмыс жағдайында балалардың зардап шегәп жатқан алғашқы жағдайы емес. Медицина қызметкерлері өңір тұрғындарына қырағы болуға, "тұрмыстық құралдарды, шығу тегі белгісіз химиялық заттарды пайдаланбауға, сертификатталмаған өнімдерді сатып алмауға шақыруда. Улы жәндіктерді пайдалану кезінде сақ болу, өз өмірі мен өмірін қауіп-қатерге ұшырамау" шақырады.
Дәл осы ауруханада дәрігерлер 60 жастағы ер адамның өмірі үшін бірнеше күн бойы күрескен. Бүгін ол реанимациядан қарқынды терапия палатасына ауыстырылды. Науқастың айтуынша, ол қазан тазалайтын тұрмыстық химияны сусынмен шатастырып ішіп қойған.

Дереккөз: Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі