ТҮРКІСТАН: 16 адамнан коронавирус ифекциясы анықталды

0
2 239

Пандемия басталғалы бері 4 002 жағдай тіркелген.


ТҮРКІСТАН: 16 адамнан коронавирус ифекциясы анықталды

Түркістан облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша "жасыл аймақта", - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысындағы медициналық ұйымдар дәрілік заттар мен жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 0,8 млрд. теңге қаражат бөлінген болатын. Аталған қаржыға дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен дезинфекциялық ерітінділер сатып алынды. Олардың 70%-ын медициналық мекемелерде, қалған 30%-ын облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасында қор ретінде сақталу тұр.

Өңірде өкпені жасанды желдету аппараттары мен қосымша 4 оттегі станциялары артты. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 1 мыңға жетіп, оттегі нүктелерінің саны 3 мыңға көбейді. Сонымен қатар, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ды құрады. Жедел-жәрдем қызметі 122 жаңа автокөлікпен толықты. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік берді.

Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясына шалдыққан 16 адам тіркелді. Пандемия басталғалы бері 4 002 жағдай тіркеліп, 3 735 адам жазылып шыққан. Облыс эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша «жасыл аймақта» тұр. Бүгінгі таңда аймақта 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын дайын. Коронавирустық инфекция өршіген жағдайда инфекциялық төсек-орындар санын 6 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.