ТҮРКІСТАН: 19 түрлі тауардың бағасы тұрақтанды

0
546

Нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен сатылуда.


ТҮРКІСТАН: 19 түрлі тауардың бағасы тұрақтанды

Түркістан облысында 2022 жылғы 7 қаңтардағы жағдай бойынша 19 тауар түрінің бағалары тұрақтанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының аудан, қалаларындағы мобильдік топтар әлеуметтік маңызды тауарлар бойынша нақты жұмыстар жүргізуде. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын негізсіз өсірмеу бойынша тиісті шалалар атқарылуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облысымызда жасанды азық-түлік тапшылығы байқалмайды. Мәселе күнделікті бақылауда. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов мәлімдеді.


«Соңғы статистикалық мәліметке сәйкес, Түркістан қаласының баға индексі 0,6%-ға төмендеді. Түркістан қаласы бойынша әлеуметтік маңызды тауарлардың 19 түрінен кемінде 1-1,5 айға қор жасақталған. Қазіргі таңда «Экобазар» сауда қоймасына қажетті тауарларды жайғастыру жоспарлануда. Облыста сұйытылған газ бағасы литріне – 60-65 теңге аралығында, көп қолданыстағы Аи-92 маркалы бензин бағасы литріне – 181 теңге, дизель отыны литріне – 229 теңгеден саудалануда», - деді Рашид Абатұлы.


Атап өтсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында ірі сауда орындары мен дүкендер және әмбебап базарлармен облыс көлемінде 1 098 меморандум түзілген. Облыс әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Айналым схемасы» шеңберінде жалпы 640 млн теңге бағытталды. Оның ішінде: «Magnum Cash&Cаrry» ЖШС - 200 млн теңге, «Али Сауда» ЖШС - 300 млн теңге, «Ғажайып-П» - 70 млн теңге, «Саурам сүт» ЖШС - 70 млн теңге қарыз берілді. Аталған сауда орындары тауарларды нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен бағада сатуда. Тұрақтандыру қоры есебінде 209,3 млн. теңге орналастырылған.


Бұдан басқа, Түркістан қаласында филиалы бар Магнум (Magnum Cash&Cаrry) сауда желісімен әлеуметтік маңызды тауарларды сауда үстемесімен 15%-дан 10%-ға төмендету туралы монополияға қарсы комплаенс актісі қабылданды.