ТҮРКІСТАН: 2 мыңнан астам отбасына жеңілдетілген несиемен пәтер беріледі

0
357

549 көп балалы аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік осал отбасы баспанамен қамтылады.


ТҮРКІСТАН: 2 мыңнан астам отбасына жеңілдетілген несиемен пәтер беріледі

Түркістан облысында 10 айда 503,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.


Облыс әкімінің айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы тұрғын үй құрылысына үлкен қарқын беріп, облыста 10 айда 503,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.


«Биыл бюджет есебінен 42 тұрғын үй құрылысын тапсыру жоспарлануда (2 645 пәтер, 161,1 мың м2). Нәтижесінде, 549 көп балалы аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік осал отбасы баспанамен қамтылады. Ал, 2 096 отбасы жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болады», - деді облыс әкімі.