ТҮРКІСТАН: 20 мыңнан астам оқушы сабақты онлайн режимде оқып жатыр

0
579

Офлайн оқу үшін ПТР-тесттің теріс нәтижесі болуы керек


ТҮРКІСТАН: 20 мыңнан астам оқушы сабақты онлайн режимде оқып жатыр

Түркістан қаласында 20 728 оқушы сабақты онлайн оқып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты бастауыш және жалпы орта білім беретін 50 мектеп, 111 мектепке дейінгі білім беру ұйымы және 7 қосымша білім беру нысаны жұмыс істейді. Мұнда жалпы саны 48250 оқушы білім алуда. 2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 3499 оқушы 9-сыныпты және 2046 оқушы 11-сыныпты бітірген.


Қазіргі таңда бұл мектептерде 1-2 сыныптар штаттық режимде, 3-5 сыныптар кезекші топтарда, ал 6-11 сыныптар онлайн режимде оқытылып жатыр. Офлайн оқу барысында Қазақстан Республикасы Бас дәрігерінің Қаулысының талаптарына сәйкес, мұғалімдер мен оқушылар оқу уақытына дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген ПТР теріс нәтижесінің болуы, вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау талап етіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік қашықтық сақталып, бетперделік режимде сабақ берілу үстінде.