ТҮРКІСТАН: 2000-нан аса сарыағаштық «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

0
341

Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 08:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.


ТҮРКІСТАН: 2000-нан аса сарыағаштық «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

Сарыағашта «Таза Қазақстан» акциясына ауданның 2000-нан аса тұрғыны атсалысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аясында ауданда ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Аудан аумағы кезекті рет жасыл желекпен толықтырылды. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өзі бастап көпшілікпен бірге көшет егіп, тұрғындар мен қызметкерлерді экобелсенді болуға шақырды.


Аталған тазалық шарасына облыстық мәслихаттың депутаттары Ж. Сүлейменов, Қ.Салыбеков мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 08:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сонымен қатар, аудан аумағына 1000 аса гүл көшеттері, 500-ге жуық ағаш көшеттері отырығызылды. Одан бөлек, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды тазалау, қураған ағаш бұталарын кесу, әктеу, сырлау жұмыстары, шөптерін ору, талдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Экоакцияға 2 000 аса адам атсалысты.


Аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы жоғары деңгейде жалғасып жатыр. Үш апта көлемінде мыңдаған көшет отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды. «Киелі мекен» апталығында қасиетті орындар мен ескерткіштер маңы тазаланып, аудан көркі ашыла түсті.