ТҮРКІСТАН: 2012 жылы ұшақ апатынан қаза тапқандарға ескерткіш тақта орнатылды

0
2 566

Құлпытасқа мәңгілік мекенге аттанған шекарашылардың аты-жөндері жазылды.


ТҮРКІСТАН: 2012 жылы ұшақ апатынан қаза тапқандарға ескерткіш тақта орнатылды

Түркістан облысында ұшақ апатынан қаза тапқандарға ескерткіш тақта қойылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында осыдан сегіз жыл бұрын 27 әскери қызметшінің өмірін қиған АН-72 әскери ұшағы апат болған орында, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі барлық аумақтың бөлімшелерінде еске алу жиыны өтті. Іс-шараға дін өкілдері және «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ардагер – шекарашылары, сондай-ақ қайтыс болғандардың жақындары, туған-туыстары қатысты.

ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті әскери қызметшілерінің бастамасымен өз елінің нағыз патриоттары – Отан сақшыларын ұлықтай отырып, ұшақ апаты болған орынға мемориалдық тақта орнатылды. Құлпытасқа мәңгілік мекенге аттанған шекарашылардың аты-жөндері жазылды.

Мемориал басында оңтүстік шекарашылары марқұм болған қаруластарының құрметіне дұға-тілектерін арнап, гүл шоқтарын қойды. 2012 жылдың 25 желтоқсаны күні мемлекетімізде қаралы күн жарияланған еді. Қыстың осынау бір қытымыр күнінде болған бұл қайғылы жағдай тәуелсіз ел тарихында болған ең ауыр оқиға еді.