ТҮРКІСТАН: 2020 жылы бірнеше ғимарат пайдалануға беріледі

0
2 768

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтеретін нысандардың құрылыс жұмыстарымен таныстырды.


ТҮРКІСТАН: 2020 жылы бірнеше ғимарат пайдалануға беріледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сапар барысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев, Түркістан қаласында жаңадан бой көтеретін нысандардың құрылыс жұмыстарымен таныстырды. Қонақтар алдымен құрылысты жүргізетін компаниялардың жұмысшыларымен кездесіп, олардың еңбек жағдайымен танысқанын да айта кеткен жөн.

Түркістан қаласының бас жоспары бойынша 7,7 гектар аумаққа әкімшілік іскерлік-орталығы салынатын болады. Онда облыс әкімшілігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер үйінің ғимараттары бой көтереді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қаңдар айында басталып, 2020 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтіліп отыр.

Сонымен қатар, Астана қаласының тапсырысы бойынша шаһардың шырайын арттыратын «Астана» алаңы бой көтеретін болады. Оның құрылыс жұмыстары 2019 жылдың наурыз айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталмақ. 4,7 гектар аумаққа салынатын нысанның құрылыс жұмыстарына 100 адам жұмылдырылатын болады.

Мұнан өзге, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тапсырысымен 1000 адамға шақталған Конгресс орталық салынатын болады. Мәдени ошақтың құрылыс жұмыстары келесі айда басталып, 2020 жылдың соңында аяқталады. Нысанның жалпы аумағы 3 гектарды, ал ғимараттың жер көлемі 14 200 шаршы метрді құрайды. Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Оқушылар сарайының құрылысын жүргізуге тапсырыс жасаған. 1 гектар жердің 10 000 шаршы метріне заманауи үлгідегі сәулетті ғамарат тұрғызылатын болады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында салынатын ғимараттардың жер телімдері белгіленіп, жобалар бекітілген.

дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі