ТҮРКІСТАН: 254 нысан мемлекеттік қалып талаптарына сәйкес келді

0
605

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін 450 өтініш түскен.


ТҮРКІСТАН: 254 нысан мемлекеттік қалып талаптарына сәйкес келді

Түркістан облысында 254 нысан мемлекеттік қалып талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел экономикасын одан әрі дамыту, отандықкәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында Үкімет тарапынан тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Ол үшін жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңызды мәселе.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бизнес өкілдерінің және азаматтардың нақты сұранысы негізінде шешімдер қысқа мерзімде, тіпті, қажет болса бір тәуліктеқабылдануға тиіс. Еліміздің дамуын мейлінше тежейтін шектен тыс бюрократиялануды біртіндеп жойып отыру қажеттігінатап айтқан болатын.


Түркістан облысында да түрлі бағыттарда жаңа кәсіпкерлік көздері ашылып, сол нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу бойынша өтініштер саны да арта түсті.Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жаңа бизнес орындарының іске қосылуына өз құзыреті шегінде заң аясында, үлес қосып келеді. Жыл басынан бері облыс бойынша Департаменттің басқармалары тарапынан 586 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін 450 өтініш түсіп, оның 254-імемлекеттік қалып талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алды.


Осылайша бір тараптан кәсіпкерлік саласына қолдау білдіріліп жатса, тұтынушыларғатиісті қызмет көрсетпеген кейбір бизнес нысандарына тұрғындарданкеліп түскен арыз-шағымдар да жоқ емес. Қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін 217 арыз-шағым түскен. Басым көпшілігі қоғамдық тамақтану орындары мен мектептерге,дүкендердегі санитариялық тазалыққа қатысты көңіл толмаушылықтарын білдірген.


Осы орайда Түркістан облысының сан-эпид бақылау қызметі халыққа қызмет көрсетіп отырған кәсіп иелеріне тұрғындарды сапалы тамақпен қамтуды, санитариялық тазалықты сақтауды сұрайды.


Атап өтейік, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңға, денсаулық сақтау министрінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы бұйрығына сәйкес, нысандар эпидемиологиялық мәні жоғарғы объектілер және эпидемиологиялық мәні болмашы объектілер болып бөлінеді.


Эпидемиялық мәні жоғары объектілерде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс. Ал, эпидемиялық мәні болмашы объектілер көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Сан-эпид бақылау қызметіне хабарлама берумен шектеледі.