ТҮРКІСТАН: 33 мыңнан астам адам ревакцинация алды

0
451

Қазіргі уақытта Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.


ТҮРКІСТАН: 33 мыңнан астам адам ревакцинация алды

Түркістан облысында 63 мыңнан аса адам «pfizer» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында соңғы тәулікте COVID-19 індетімен ауырған 2 науқас тіркелген. Өңірде коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы облыста пандемия басталғалы КВИ-дің 15764 жағдайы тіркелсе, оның 7750-ы симптомсыз өткен. Қазір инфекциялық стационарларда 216 орын бар. Оның 142-і бос тұр.


Өңірде жалпы 1 040 032 адам өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Екінші компонентпен 1 025 477 адам вакцина салдырды. «COVID-19»-ға қарсы вакцинациялау 150 екпе салдыру пункттерінде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Түркістан облысы «Pfizer» вакцинасын еккендер саны бойынша республикада 2-орында тұр. Облыста «Pfizer» вакцинасын 63 мыңнан аса адам салдырды, ал 33 мыңнан аса адам ревакцинация алды.