ТҮРКІСТАН: 50 гектар аумаққа алма көшеттері отырғызылып жатыр

0
2 709

«Гала», «Голден Делишес», «Старкримсон» сынды сұрыптар.


ТҮРКІСТАН: 50 гектар аумаққа алма көшеттері отырғызылып жатыр

Түлкібас ауданында 50 гектар аумаққа алма көшеттері отырғызылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында алма жемісін өсіруге қызығушылық танытқан шаруалар қатары жыл санап артып келеді. Солардың бірі «Нұрсәуле» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ауа райының қолайлылығын пайдаланып көшеттерді отырғызып жатқан шаруашылық алманың «Гала», «Голден Делишес», «Старкримсон» сынды сұрыптарын отырғызып жатыр. Баудың жалпы аумағы 50 гектарды құрайды. Сонымен қатар, шаруашылық 4 гектар жер алқабына ерте пісетін шие көшеттерін егіп жатыр. Қазіргі таңда жерді өңдеп, көшет отырғызу жұмыстарына 60-қа жуық жергілікті тұрғындар тартылып отыр.

Қожалық төрағасы Ештаев Нүридиннің айтуынша, аталған жұмыстар өз қаржысы есебінен жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта мемлекеттік қолдаулар арқылы алма бау көлемін ұлғайту жоспарында бар. Сондай-ақ, алма баудан мол өнім алу мақсатында тамшылатып суару әдісімен Израилдік технологияны енгізу жоспарланып отыр. Бұл технологияның ерекшелігі - суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін 2-3 есеге арттырады.