ТҮРКІСТАН: 500 адамды жұмыспен қамтитын цех салынып жатыр

0
689

Қазір құрылысы жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: 500 адамды жұмыспен қамтитын цех салынып жатыр

Кентаудағы цех айына 500 дана жиһаз дайындайды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында өңірге "DIVALUX" атауымен танымал жиһаз жасаушы мекеме орналасқан. Қазіргі таңда онда 120 адам тұрақты жұмыс істейді. Аталған цехта жиһаздың 40-қа жуық түрі дайындалып келеді. Түрлі сәнді үлгіде жасалынған жиһаздарға Қазақстанның барлық аймағынан тапсырыстар түседі екен.

Атап айтсақ, өндіріс орны қажетті шикізатты Түркия елінен алдыртады. Ал, мамандарды өздері кәсіби тұрғыдан оқытып, дайындап барып жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта цехта айына 500-ге жуық жиһаз құрастырылып, еліміздің әр аймағына сатылымға шығарылады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта сапасы жоғары, бағасы қолжетімді жиһаз түрлерінің көлемі артайын деп тұр. Себебі серіктестік бүгінгі таңда Жүйнек ауылынан 500 адамды жұмыспен қамтитын үлкен цехтың құрылысын жүргізіп жатыр. Аталған кәсіпорынның құрылысы толықтай 2021 жылы аяқталып, іске қосылады деп жоспарланып отыр. Нақты іске асырылып жатқан жоба аясында жұмыс орны көбейіп, өндіріс ілгері жылжымақ.