ТҮРКІСТАН: 600 келіге жуық балық аулаған браконьерлер ұсталды

0
581

Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.


ТҮРКІСТАН: 600 келіге жуық балық аулаған браконьерлер ұсталды

Түркістандық полицейлер заңсыз 600 келіге жуық балық аулаған браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының инспекторы, полиция майоры Бекмұхамбет Теңгебаев және полиция аға лейтенанты Құрманғазы Абдикаликов Шардара су қоймасынан браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлама жасаған.


Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері 3 браконьердің су қоймасында балық аулайтын ау торымен заңсыз балық аулап жүргендерін анықтаған. Айғақты зат ретінде браконьерлерден 600 келіге жуық балық, қытай тор мен 2 дана ескек, қайық тәркіленіп алынды. Күдікті азаматтар Шардараның тұрғындары болып шықты.


Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізген. Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.