ТҮРКІСТАН: 678 адам ревакцинация алды

0
672

Ревакцинация 1 ғана дозамен жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: 678 адам ревакцинация алды

Түркістан облысында ревакцинация қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Өңірде 1028569 адам екпе қабылдаса, екінші компонентпен 967996 адам вакцина алған. Соңғы тәулікте 189 адам екпе салдыруға ниет білдірген.


Сондай-ақ, кеше Түркістан облысында 5 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,03% % құрайды. Облыста пандемия басталғалы 1 142 105 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 663-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 647 жағдай тіркелді. Олардың 7722-да ауру симптомсыз өткен болатын. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.


Түркістан облысында қазіргі таңда 678 адам ревакцинация алды.Айтып өтейік, ревакцинация 1 ғана дозамен жүргізіледі. Сонымен қатар алдында «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналарын салдырғандар араға 6 ай уақыт өткенде және «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң вакцинаның кез-келген басқа түрін қабылдауларына болады.