ТҮРКІСТАН: 70 мыңға жуық гүл көшеттері отырғызылды

0
879

Жайнаған гүлдерге қарасаң, көзің тоймайды.


ТҮРКІСТАН: 70 мыңға жуық гүл көшеттері отырғызылды

Түлкібас ауданында 70 мыңға жуық гүл көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әдеміліктің нышанына айналған гүлдерді отырғызатын маусымда Түлкібас ауданына қарасты барлық округ орталықтарында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен 70 мың түпке жуық жаздық гүлдер отырғызылды.

Жайнаған гүлдерге қарасаң, көзің тоймайды. Көшедегі шаңды басатып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бір жылдық және көпжылдық гүлдердің дені Раушан гүл, Түймедақ, Лалагүл, Райхан гүл, Питуния, Сәндігүл т.б.